Театр
1 мин оқу 170

Балет әртісінің жеңісі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана опера&raquo; театрының балет әртісі Қуат Кәрі&shy;баев Ресейде өткен &laquo;Одиссея-Arts&raquo; халықаралық көпжанрлы арт-олим&shy;пиаданың &laquo;Хореография&raquo; аталымында I дәрежелі лауреа&shy;т атанды.</p>

Балет әртісінің жеңісі

Арт-олимпиаданың ұй­ымдастырушылары дарынды өнерпаздың Кремль сарайында қойылған Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» атты балетіндегі өнеріне тәнті болып, оған байқауға қатысуға ұсыныс білдірген.

«Фестивальға А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-де нөмірін алып бардым. Бұ­ған сахнадағы серіктесім, ба­лет әртісі Гүлназ Жанаева екеу­міз бар күшімізді салып, дайындалдық. Әрине, жеңіс­ке жеткенімізге қуанамын. Бұл бізді шабыттандырады. Марапаттаудан кейін ұйымдастырушылар бізді Челябинскіде өтетін бай­қаудың гала-концертінде өнер көрсетуге шақыр­ды», деді ол.

Сондай-ақ Қ.Кәрібаев өз шығармашылығында «Астана опера» балет труп­пасының көркемдік же­тек­шісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың орны ерекше екенін айтты. «Алтынай Әбдуахимқызының қамқорлығы менің өмірімді түбегейлі өзгертіп, жаңаша серпін берді. Сол кісінің арқасында өнерде өзімді таныта алдым. Айтсам деп ар­мандаған көптеген жаңа партияны орындадым. Соның бәрі мені қанаттандырды. Қа­зір екі есе шабытпен жұ­мыс істеп жатырмын», деді байқау лауреаты.

Айта кетейік, аталған арт-олимпиада «Білім, мә­дениет және өнердің көп­ұлтты қо­ғамды дамыту факторы ре­тіндегі интеграция­сы» атты халықаралық ашық форумы аясында ұйым­дастырылды. Іс-шараның мақ­саты – түрлі мәдениет пен ұлт өкілдерін біріктіру.

Бөлісу: