Қазақстан
1 мин оқу 630

Қазақстанның алты облысында жол жабық тұр

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда қолайсыз ауа райының салдарынан алты облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың сегіз учаскесі жабылды. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін енгізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның алты облысында жол жабық тұр

Ақмола облысында – 2 учаске:

«Екатеринбург - Алматы» 1292-1353-км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл.шек. – 61 км;

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51-км, Қабанбай батыр к.-Қарағанды обл.шек. – 16 км. 

Жамбыл облысында – 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238-км (I категория), Кенен а. -Қайнар а. – 79 км.

Жетісу облысында – 1 учаске: 

«Үшарал-Достық» 84-184-км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – 2 учаске:

«Екатеринбург - Алматы» 1353-1373-км, Ақмола обл.шек. -Осакаровка к. – 20 км.

«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266-км, Ақмола обл.шек. -Теміртау қ. – 215 км. 

Қостанай облысында – 1 учаске:

«Жезқазған-Петропавл» 252-335-км, Ұлытау обл.шек.-Аркалық қ. – 83 км.

Ұлытау облысында – 1 учаске: 

«Жезқазған-Петропавл» 137-252-км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 542 бірлік техника және 863 жолшы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қазақстанның алты облысында жол жабық тұр · Egemen Qazaqstan