Құқық
4 мин оқу 100

Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking (&laquo;Ашық банктік қызметтер&raquo;) банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиент&shy;ке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.</p>

Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама

Тұжырымдаманы әзірлеу аясында Ұлттық банк, Қаржы на­рығын реттеу және дамыту агент­тігі және Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігі рет­теушілері екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) алдын ала талқылаулар жүргізді. Сондай-ақ ЕДБ арасында API технологиясын пайдаланудың қазіргі мәртебесі нақтыланды.

Ашық банкинг тұжырым­да­ма­сын кезең-кезеңімен енгізудің стратегиялық жоспары аясында 2023 жылға жоспарланған қанатқақты жобаның негізгі ке­зең­де­ріне қол жеткізілді және іске асырылды. «Клиенттің ағым­дағы шоттары туралы ақпа­рат алмасу» сценарийін іске асыру бойынша қанатқақты жоба 2023 жылғы 1 қарашада іске қосылды. Оған 5 екінші деңгейлі банк қатысты. Операциялық модельге сәйкес, қатысушы банктер Open API платформасына қосылды, бұл оларға тиісті тексерулерден кейін әзірленген API-ді жариялауға және басқа қатысушылардың API-ге қо­сылуына мүмкіндік берді. API пай­даланушылары ретінде әре­кет ететін банктер өздерінің мобильді қосымшаларын сәтті аяқтады, фокус-топ мүшелеріне басқа қатысушы банктердегі шоттары туралы ақпаратты көруге, сондай-ақ деректерді ұсынуға келісімдерін басқаруға мүмкіндік берді. Фокус-топ банктердің 3 мобильді қосымшасын (IOS/Android) сынап көрді.

Түсінгеніміздей, клиенттің ағымдағы шоттары туралы банк­тер арасында тек оның келі­сі­мі­мен деректер алмасу жүзеге асады. Со­нымен қатар клиенттер бір банк­тің қосымшасын пайда­лану арқылы әртүрлі қар­жы институт­тарындағы шот­та­рының мәліметтеріне қол жет­кізе алады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қанатқақты жобаның нәти­же­лері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып саналатынын және сонымен бірге қаржы нарығын бел­сенді дамыту үшін негіз құра­тынын растады.

Сарапшылардың айтуынша, қазір ашық банкинг әлемдік қар­жы индустриясын өзгертіп, банк­тер, банктік емес қаржы инсти­туттары және қаржылық қызмет көрсетуші үшінші тарап арасында клиенттердің қаржылық деректерін қауіпсіз алмасуға мүм­кіндік береді. 2023 жылы әлемде ашық банкинг даму тенденциясы байқалды. Ашық банкинг моделін енгізген және енгізу немесе бастама кезеңінде тұрған елдер саны 100-ге жуықтайды. Ұлыбританияда, ЕО-да, АҚШ-та, Бразилияда және Азия елдерінде – Сингапурда, Гонконгта, Жапо­ния­да енгізудің сәтті мысалдарынан кейін ашық банкингке негізделген шешім­дер­дің артық­шылықтары мен құнды­лығы ай­қын болды.

Қазір әлемде Open Banking аясында жасалған операция көлемі 57 млрд долларға бағаланады. 2027 жылы бұл көлем 330 млрд дол­ларға дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал операция саны 102 млрд-тан 508 млрд бірлікке дейін ұл­ғаймақ.

Финтех-нарықтың дамуы бір­неше негізгі бағыттарда көрініс табады:

  • NFC, QR және мобильді P2P аударымдары сияқты контактісіз төлем әдістері енгізіліп жатқан қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі тәулік бойы транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді және қашықтан сәйкестендіру тетік­те­рін қолдану арқылы үдерістерді жеңілдетеді. Қазақстанның қар­жы нарығы цифрландыру және қыз­меттердің қолжетімділігі ба­ғы­тында белсенді дамып жатыр. Республика инновациялар бо­йынша Орталық және Оңтүстік Азия­ның үздік 3 елінің қатарына енді және оның өсу қарқыны оны аймақтағы ең жылдам дамып жатқан финтех нарықтарының бірі ретінде жіктеуге мүмкіндік берді.
  • Цифрлық экожүйелерді қа­лып­тастыру және дамыту, пай­даланушылардың әртүрлі қажет­тіліктеріне бағытталған өнімдер кешенін құру. Бүгінде елі­міз­де­гі әрбір банк дерлік пайда­ланушыларға өзінің мобильді қо­­сымшасын ұсынады. Қазақ­стан­­ның финтех индустриясында төлем компаниялары, көп функционалды төлем қызметтері мен қосымшаларын жасайтын жеке ойыншылар – TypiPay, Simply, Wooppay бар. Компаниялар Buhta.kz, Uchet.kz, MyBuh.kz ұсынған B2B сегментін бір­қа­лып­ты ен­гізуде.
  • Қаржы нарығына қатысу­шы­лардың жаңа трендтік тех­нология­лар мен цифрлық инновацияларды белсенді енгізу. Аналитика мен болжау үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таратылған тізілім технологияларын пайда­ланатын жобалар нарыққа қа­тысушылар арасында танымал бола түсуде.

Бұл ретте біздегі қаржы жүйесі біршама банктік орталықтандыру үлгісімен сипатталады. Бүгінгі таңда банк­тер жабық экожүйелерді қа­лыптастыруда, бұл өз кезегінде қаржылық қызметтердің жоғары шоғырлануына ықпал етеді және қаржы нарығында бәсекелестік пен кооперацияның дамуына ке­дергі келтіреді.

Open Banking тұжырым­да­ма­сын енгізу бойынша нарықты ынталандыру қаржы нарығының дамуына оң әсерін тигізеді және мынадай факторларға әсер етеді деп күтілуде:

1) Елде ашық қаржылық орта қалып­тастыру.

2) Қаржы нарығындағы бәсе­ке­ге қабілеттілікті дамыту және қол­дау.

3) Азаматтар үшін қаржылық деректерге қол жеткізудің, бақы­лау­­дың және басқарудың тұжы­рым­дамалық жаңа деңгейі.

4) Инновацияларды ынталандыру және ұсынылатын қаржы­лық қызметтер мен өнімдер тізбе­сін кеңейту.

5) Цифрлық экономика жағда­йында тұтынушылардың құқық­та­рын қорғауды қамтамасыз ету.

6) Қаржы нарығының барлық қа­тысушылары үшін бірдей қол­же­тімді цифрлық қаржы инфра­құрылымын құру.

Қаржы нарығының барлық қатысушыларының мүдделеріне сәйкес келетін теңдестірілген бә­се­­келестік ортаны құру үшін Open API және Open Banking тұ­жы­рым­дамасын енгізу шеңбе­рінде қатысушылардың алдына қойылған мақсаттар, сондай-ақ жақын арадағы міндеттер айқын­дал­ды.

Белгіленген мақсаттарды іске асыру шеңберінде тиісті міндет­тер қалыптастырылды.

Қазақстанда open API және Open Banking дамытудың негізгі мақсаттары:

  • Елде ашық қаржылық эко­жүйе қалыптастыру;
  • Инновацияны ынталандыру;
  • Қаржы нарығы қатысушы­ла­рының бәсекеге қабілеттілігін дамыту және қорғау;
  • Азаматтардың мүддесі мен деректерін қорғау.

Ашық банкингті енгізу қар­жы нарығын дамытуда елеулі әлеуетке ие және банк жүйесіне қа­зіргі заманғы трендтерге сүйе­не отырып, жаһандық аренада бәсекеге қабілетті болуға мүм­кін­­дік береді. Осылайша, ашық банкинг бүкіл экономикаға перс­пектива беретін әмбебап құралға айналады. Қазақстанда ашық банк­инг бойынша қанатқақты жо­ба­ны жүргізу барысында елі­міз­дің қаржы секторын жаң­ғыр­ту контекстінде осы тұжы­рым­­­даманың маңыздылығы мен та­быс­­тылығын көрсететін маңыз­ды қорытындылар жасалды.

Қанатқақты жобаның нәти­же­лері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып табылатынын және сонымен бірге қаржы нарығын бел­сенді дамыту үшін негіз құра­тынын растады. 

Бөлісу:
Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар