Спорт
1 мин оқу 180

Квебекте қола алды

<p style="text-align: justify;">Канаданың Квебек қаласында конькиден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өз мәресіне жетті.</p>

Квебекте қола алды

Қазақстанның спортшылары әдетте осындай дүбірлі додадан құралақан оралып жүргеніне сан мәрте куә болғанбыз. Қан­дай жарысқа қатыссақ та, үнемі көш соңында жүреміз. Бірақ бұл жолы бәрі кері­сінше болды. Әйелдердің командалық спринтінде құрамында Екатерина Айдова, Инесса Шумекова және Алина Даурана сынды спортшылары бар жерлестеріміз мәре сызығын үшінші болып қиып, қола медальды мойнында жарқыратты. Олардың көрсеткіші – 1:29.16.

Спринттік қашықтықта Нидерландтың конькишілері (1:27.09) қарсылас шақ кел­тірмей, алтыннан алқа тақты. Күміс медальды Польша құрамасы (1:27.79) иеленді.

Бөлісу:
Квебекте қола алды · Egemen Qazaqstan