Білім
2 мин оқу 180

Қазақ-корей бірлескен білім ордасы

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысын&shy;да IT, ауыл шаруа&shy;шы&shy;лығы мен техника&shy;лық сала мамандарын даяр&shy;&shy;лауға басымдық беріледі. Қазіргі таң&shy;да өңір&shy;дегі екі ха&shy;лық&shy;ара&shy;лық университетте 12 мыңға жуық сту&shy;дент білім алып жүр.&shy; Алдағы уақыт&shy;та қа&shy;зақ-корей бір&shy;лес&shy;кен білім орда&shy;сын ашу жос&shy;парланып отыр.</p>

Қазақ-корей бірлескен білім ордасы

Оңтүстік Кореяда тех­никалық сала бойынша мық­ты білім ордалары көп. Осы орайда Оңтүстік Ко­рея­ның жетекші оқу орын­дарының бірі «Woosong» уни­верситетінің басшылы­ғымен келіссөздер жүргі­зілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік деле­­га­циямен кездесіп, IT ма­мандығы бойынша бір­лес­кен оқу орнын ашу мәсе­лесін жан-жақты талқы­ла­ды. Жоғары оқу орны өн­діріске негізделген техни­калық маман даярлайды. Кездесуде оқу орнының саясаты мен мақсатын «Woosong» университетінің халықаралық мектептер бойынша атқарушы деканы Ю Тэк Ли түсіндірді. Сұ­ранысқа ие мамандық­қа қатысты оқу орнының мүм­кіндіктері айтылды. Халықаралық білім оша­ғының ғылыми орталы­ғы Тэджонда орналасқан және 70 жылдық тарихы бар, 16 мыңнан астам студент білім алады. Онда әлемнің 85 мемлекетінен келген студенттер оқи­ды. Профессорлық құрамы 1 мың­нан асады. Сондай-ақ кездесуде оқу барысы­ның онлайн және офлайн плат­формада өткізілетіні, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша Кореяда үздік үштікте екені айтылды. Университет­те Қазақстаннан барған 40-тан астам жас білім алады. Жасанды интеллект, яғни адамның ойлау үдерісін компьютерлік жү­йелермен модельдеу бо­йынша инновациялық зертханалар жұмыс істей­ді. Киберқауіпсіздік бо­йын­ша мамандарға сұра­ныс артқан. Түлектер бас­қару мен өндіріс сала­сын бірге меңгереді. Осы бағытта Түркістан өңі­ріне ыңғайластырып, ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер саласын жетілдіруге күш са­лынбақ. Ақпараттық жү­йе­лер саласына қызы­ғушылық пандемия кезінде арта түскені мәлім. Бұған қашықтан онлайн жұ­мыс істеу тәсілі де әсер етті. Көп­те­ген компания ав­то­­­маттандыру жүйесіне кө­­шіп жатқандықтан IT ма­­мандарға деген қажетті­лік артты. Сондықтан да об­лыстағы еңбек нары­ғын­да сұранысқа ие маман­дықтарды екіжақты зерттей келіп, жоғары оқу орнын ашу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Қазақ-корей бірлескен білім ордасы · Egemen Qazaqstan