Спорт
1 мин оқу 100

Базельде күміспен күптелді

<p style="text-align: justify;">Швейцарияның Базель қаласында жасөспірімдер арасында өткен шпагамен семсерлесуден Әлем кубогінің ке&shy;зеңдік сайысы аяқталды.</p>

Базельде күміспен күптелді

Бұл жарыста еліміздің жас өрендері өздерін жақсы қырынан көрсетті. Құрамында Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов сынды тастүлектері бар жерлестеріміз бастапқы бәсекелерде Польша мен Швейцарияны ұтса, жартылай финалда АҚШ спортшыларына сан соқтырды. Бірақ ақтық сында Мажарстанға есе жібердік. Сөйтіп, Базельдегі бәсекеде Қазақстанның семсерлесушілері күміс медальді иеленді.

Алдағы уақытта отандастарымызды көптеген ірі халықаралық жарыс күтіп тұр. Олардың арасындағы ең ірілері – Әлем кубогінің ке­зеңдік бәсекелері, әлем және Азия бірін­шіліктері. Сол дүбірлі додаларда да біздің ұл-қыздар жеңіс тұғырына кө­теріледі деп үміттенеміз.

Бөлісу:
Базельде күміспен күптелді · Egemen Qazaqstan