Білім
2 мин оқу 160

Оқу үдерісіндегі жаңашылдық

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бакала&shy;вриат деңгейіндегі оқу үдерісіне біршама өзгеріс енгізіп жатыр. 2024-2025 оқу жылынан бастап 1-курс студенттері жасанды интеллект саласын оқып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.</p>

Оқу үдерісіндегі жаңашылдық

Жаңа оқу жылында университет барлық педагогикалық бағыт бойынша бакалавриат деңгейіне арналған «Minor» бағдарламасын енгізеді. Студенттер инклюзивті білім берудің үш қосымша пәнін оқиды: «Инклюзивті сыныпта оқытудың әмбебап дизайны», «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» және «Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды тьюторлық қолдау». Осы бағытта университет қызметкерлері ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеу бағытындағы оқытушыларға арналған әдіс­темелік ұсынымдар әзірледі.

– Жыл сайын техникалық, инженерлік және педагогика­лық мамандықтарды меңгеруге ниет білдіргендер саны артып ке­леді. Біздің университет еңбек нарығының қажеттіліктеріне және технологияның дамуына сәй­кес білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіреді әрі жаңаларын әзірлейді. Жұмыс берушілермен, шетелдік университеттермен, ірі компаниялармен бірлесіп, еңбек нарығының сұранысы бойынша жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Қазір 40-қа жуық инновациялық бағдарлама бар. Олардың 18-і педагогикалық, инженерлік және техникалық бағыттарды қамтиды. Оқу орнында оқыту үдерісі үш тілде жүргізіледі және 45 білім беру бағдарламасы ағылшын тілін­де қарастырылған. Сондай-ақ уни­верситетіміз қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша үш жыл математика пәні мұғалімдерін даярласа, биыл «Ғарыштық техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды, – деді университеттің Академиялық мәсе­­лелер департаментінің дирек­торы Байжұман Қашқынбай.

Ұлттық университетте педаго­гикалық, инженерлік, техни­ка­лық бағыттағы жоғары білік­ті кадр­ларды даярлауға көп кө­ңіл бө­лінеді. Қазіргі таңда оқу ордасын­да осы салаларда үш деңгей бойын­­ша 12 мыңнан астам студент бі­лім алып жатыр. 244 білім беру бағ­дар­ламасының 100-і педагогика­лық, инженерлік-техникалық бағыт­тар бойынша қарастырылған.

Дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатында 2024-2025 оқу жылынан бастап бакалавриат бағ­­дарламаларына екі жаңа модуль енгізіледі. Олардың бірі ғы­лыми компонентті қарасты­ра­­ды. Студенттер оқудың бірінші жылынан зерттеу жұмыстарымен айналысады. Екіншісі – модуль жа­санды интеллектіні зерттеуге бағыт­тал­ған. Студенттер осы бағытта білімін кеңейтіп, озық цифрлық тех­нологияларды мең­гереді деп күтіліп отыр.

Нұрдәулет КӘРІБАЙ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті 

Бөлісу:
Оқу үдерісіндегі жаңашылдық · Egemen Qazaqstan