Оқиға
1 мин оқу 564

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

<p style="text-align: justify;">Еңбекшіқазақ ауданы &laquo;Түрген ауылы - Батан&raquo; автожолынан 24 шақырым жерде қар көшкіні болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Алматы ТЖМ мәліметінше, жалпы көлемі 216 текше метр болатын қар массасы автожолды жауып тастады.

Зардап шеккен азаматтар жоқ, ғимараттарға да зақым келмеген.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазарту жұмыстарына кірісіп кетті.

Айта кетсек, «Түрген ауылы - Батан» автожолы жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында 2024 жылдың 1 мамырына дейін жабық тұрады.

Бөлісу:
Алматы облысында қар көшкіні жүрді · Egemen Qazaqstan