Футбол
1 мин оқу 92

Азия кубогі – Қатарда

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қатарда өткен Азия кубогі жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін тартыс Лусаилдағы &laquo;Лузаил Айконик&raquo; стадионында өтіп, алаң иелері Иордания құрамаымен шеберлік байқасты.</p>

Азия кубогі – Қатарда

Ширек финалда Иордания Тәжікстанды жеңсе, Қатар Өзбекстанды пенальти ар­қылы жарыс жолынан шығарды. Ал жар­тылай финалда Иордания Оңтүстік Корея­ның қақпасына жауапсыз екі доп салып, сен­сациялық нәтиже тіркелді. Қатар мен Иран арасындағы ойын өте тартысты өтіп, 3:2 тіркелді. Сөйтіп, финалда Қатар мен Иор­данияның жолы түйісті. Шешуші матч 3:1 есебімен Қатардың жеңісімен аяқталды. Бар­лық голды Акрам Ариф 11 метрлік нүк­теден соқты. Қарсыластар сапынан Язан әл-Наймат қана нысананы дәл көздеді. Осы­лайша, Қатар құрамасы қатарынан екінші рет Азия кубогін олжалады. 2019 жылы олар БАӘ-де өткен жарыста да жеңімпаз атанған еді.

Бөлісу:
Азия кубогі – Қатарда · Egemen Qazaqstan