Спорт
1 мин оқу 230

Странджа кубогі: Қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс, бір қола еншіледі

<p style="text-align: justify;">Болгарияда өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінде қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Странджа кубогі: Қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс, бір қола еншіледі

Үндістандық Раджатты 3:2 көрсеткішімен жеңген 67 келідегі Дулат Бекбауов алтынға қол жеткізіп, Странджа кубогінің чемпионы болды.

Санжар Тәшкенбай 51 келі салмақтағы Үндістан боксшысы Амит Пангалдан (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 0:5 көрсеткішімен ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты.

Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) айтулы халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Аталған бокс додасында 28 елден 178 спортшы жүлдеге таласты.

Бөлісу: