Қылмыс
2 мин оқу 155

Жүргізуші куәлігін саудалаған топ

<p style="text-align: justify;">Еліміздің әр өңірінде талай рет тұрғындарды &laquo;жүргізуші куәлігін алып беремін&raquo; деген бос уәдемен алдаған алаяқтардың жолы кесіліп, заң алдында жауапкершілікке тартылып жатқаны туралы ақпарат жиі тарап жатады. Енді міне, Таразда жүргізуші куәлігін саудаға салған қылмыстық топ құрықталды.</p>

Жүргізуші куәлігін саудалаған топ

Облыстық полиция депар­та­ментінің қызметкерлері Жам­был, Түркістан облыс­тарының және Алматы мен Шымкент қала­ларының тұр­ғындарынан тұратын қыл­­мыстық топтың заңсыз әре­кетін әшкерелеп, олардың «жұмысына» тосқауыл қойды. Департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада қылмыстық топтың құрамында бірнеше адамның болғаны, олар­д­ың бұл істі бірлесе атқар­ғаны айтылған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелері көлік тізгіндегісі кел­ген­дердің оқуға тиіс сабақтарын және көлік басқару мүмкіндігін тәжірибе жүзінде қадағалап тексермеген. Қаржылай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін шүлен таратқандай заңсыз үлестірумен ұзақ уақыт бойы айналысып келген. «Мың асқанға – бір тосқан». Куәлік «саудасының» көркін қыз­дырғандардың кейбірі жұ­мыс орнында жайбарақат отыр­ған­ жерінен ұсталды.

Дерекке сенсек, қыл­мыс­тық топтың құрамында ХҚКО қыз­мет­керлерінен бөлек, жо­ғарыда айтылған өңір­лер­­ден жүргізуші куәлі­гін алу­ға ниет білдірген тұты­ну­­шыларды іздестірген арнайы «көмекшілер» де бар. Ең сорақысы, құжаттар Тараз қала­сында орналасқан халыққа қыз­мет көрсету орталығында рәсім­деліп, иелеріне таратылып отырған.

Құзырлы орган қыз­мет­кер­лерінің жедел іске кірісуінің арқа­сында күдіктілер дер кезінде ұсталды. Қазіргі кезде заң талабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға түскен күдіктілердің қата­рында халыққа қызмет көрсету орта­лығының басшылары секілді лауазымды тұлғалар да бар.

«Тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 дерегі анықталды. Қылмыстық жүйені ұйым­дастырушылар мен орындау­шылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», дейді облыстық полиция департаменті басшысының  орынбасары Алмаз Алматов.

Жамбыл облысы 

Бөлісу: