Қоғам
1 мин оқу 205

Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді

Оңтүстік өңірде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов республикалық маңызы бар қала әкімімен кездесіп, бірқатар әскери бөлімге барды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді

Шымкент қаласындағы авиация базасының ұшу-қону жолағында Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың құрамалар мен әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы туралы баяндамасын қабылдады.

Шымкентте Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесуі өтті. Екі жақ әскери инфрақұрылым нысандарын салу, оларды жөндеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шымкент гарнизонының 36814 әскери бөлімінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов командирдің бөлімшелердің мақсаттары, жауынгерлік мүмкіндіктері мен жасақталуы туралы баяндамасын тыңдады. Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыруына, бөлімнің қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандырылуына баса назар аударды. Бұның бәрі әскери қызметшілердің моральдық-жауынгерлік рухына байланысты екенін атап өтті.

Бұдан бөлек қорғаныс ведомствосының басшысы әскери бөлімдерде әскерилерге жасалған тұрғын үй-тұрмыстық жағдаймен танысып, казармаларды, асханаларды және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады.

Шымкент қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасында генерал-полковник Руслан Жақсылықов ұшу экипажына пилотаж және авиациялық зақымдау құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік беретін бөлімнің инфрақұрылымын, авиакомпанияларды қарады.

Жұмыс сапарының соңында Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі және әскери инфрақұрылым объектілерін жайластыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Қорғаныс министрі Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді · Egemen Qazaqstan