Бокс
1 мин оқу 190

Азияның мықтылары анықталады

<p style="text-align: justify;">Азия бокс конфедерациясы (ASBC) сары құрлықтың биылғы негізгі жарыс&shy;тары қай жерлерде және қай күн&shy;дері өтетінін ресми түрде жария етті.</p>

Азияның мықтылары анықталады

30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Амманда ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Иорданияның астанасы бұған дейін аталған доданы қабылдаған. 2013 жылы (7+1+0) жерлестеріміз жалпы есепте көш бастаса, 2022 жылы (6+7+8) екінші орынды иеленді. Кейінгі жарыста жігіттермен қоса, бұрымдылар да бақ сынады. 2022 жылы 22 жасқа (U-22) дейінгі жас былғары қолғап шеберлері 25 сәуірде Астанада бас қосады. Олар тура екі апта жұды­рықтасады. 21 тамызда жасөспірімдер мен мектеп оқушылары сары құрлықтың үздігі атану үшін Әбу-Дабиде айқасады. Парсы шы­ғанағындағы бәсекелер 21 тамызда басталып, 3 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Азияның мықтылары анықталады · Egemen Qazaqstan