Оқиға
1 мин оқу 570

3 баланы құлдықта ұстаған ұлытаулық әйел қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытауда 5 жыл бойы 3 баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 баланы құлдықта ұстаған ұлытаулық әйел қамауға алынды

18 ақпан күні Динара Зәкиева Ұлытау облысында құлдықта болған 3 баланың жайын айтып жазба жариялап еді. Онда асырап алған балаларына фермада мәжбүрлі түрде мал бақтырғаны айтылған.

Бүгін ол балаларды құлдықта ұстаған әйелдің ұсталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазды Динара Зәкиева.

Бөлісу:
3 баланы құлдықта ұстаған ұлытаулық әйел қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар