Теннис
1 мин оқу 163

Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды

<p style="text-align: justify;">Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған Қазақстан спортшысы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті.

Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында тағы бір отандасымыз Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6.

Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.

Бөлісу:
Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды · Egemen Qazaqstan