Президент
1 мин оқу 123

Президентке «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Татарстан астанасына барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа елдердің президенттері &laquo;Болашақтың ойындары&raquo; халықаралық мультиспорт турнирінің негізгі шаралары өтетін &laquo;Қазан Экспо&raquo; кешенін аралап көрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</span></p>

Президентке «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды

Экскурсия барысында қонақтарға Dota 2 конгресс-залы, арт-нысандар, «фиджитал-зертхана» көрсетілді, сондай-ақ дене шынықтыру мен киберспортты (physical+digital) біріктіретін инновациялық «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды.

Ми

Алаңдардың бірінде Қазақстан Президенті «Футбол достыққа жол ашады» бағдарламасына қатысатын жас спортшылармен әңгімелесті. Халықаралық команданың құрамында «Астана» футбол клубында жаттығатын 10 жастағы Жан Әли Ермағамбетов те бар.

Ии

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мр

Бөлісу:
Президентке «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды · Egemen Qazaqstan