Қоғам
1 мин оқу 220

3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; мәліметіне сілтеме жасап.</p>

3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық

Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (шектеулі көрініс, боран) «Үшарал-Достық» – Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін.  

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)  «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы шекарасынан-Арқалық қаласына дейін.

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі) «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кентінен-Қостанай облысы шекарасына дейін.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп – ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
3 облыс аумағында 3 жол бөлігі жабық · Egemen Qazaqstan