Ауа райы
1 мин оқу 205
Ертең күн ашық болады - синоптиктер
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК мамандары ертеңге, яғни 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар мен жаңбыр жауады, жел күшейеді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар синоптиктер ел аумағында тұман күтілетінін айтты.
Бөлісу:
