Аймақтар
1 мин оқу 110

Бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент базарларында зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңгедей шығын келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Ол сауда нүктелеріне сатып алушы ретінде барып, бағалы бұйымдарды білдіртпей ұрлап, тайып тұрған. Нәтижесінде, тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданған.

Полиция мәлімдемесінде: «Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камералары жазбаларын тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгеріпті», делінген.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Құқық қорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.

Бөлісу:
Бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды · Egemen Qazaqstan