Қоғам
1 мин оқу 174

Қаланың құрметті азаматы атанды

<p style="text-align: justify;">Ауған соғысының ардагері Марат Қалғұлов Қонаев қаласының Құр&shy;метті азаматы атанды. Ардагерге бұл құрмет биыл кеңес әске&shy;рі&shy;нің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыс орталығы &ndash; Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген еді.</p>

Қаланың құрметті азаматы атанды

Жеңіс саябағындағы еңселі ес­керткішке жиналған Ауған соғы­сының ардагерлері мен әскерилер, ақсақалдар мен қала тұрғындары алқызыл гүл шоқтарын қойып, қан майданда ерлік көрсеткен, соғыс­тың зардабын татып, өмірден өткен жауын­герлердің рухына тағзым етті.

Бұдан соң Мәдениет үйінде жал­­ғасын тапқан жиынға Қонаев қа­ласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, лебізін білдірді.

«9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сүйен­сек, кеңес одағынан 600 мыңнан астам адам аттаныпты. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21 371 Қазақстан ардагері аман-есен отанына оралған екен. Олардың қатарындағы 91 ардагер бүгінде Қонаев қаласының тұрғыны»,  деген қала әкімінің орынбасары бұл іс-шараның өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екенін атай келе, қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдірді.

Салтанатты жиында Ауған ар­да­гері Марат Қалғұловқа Қонаев қала­сының Құрметті азаматы ата­ғы берілді. Сондай-ақ ардагерлерге 35 жылдық мерекелік медалі мен Алғысхат табыс етілді. Бас­қо­­су­­дың соңы патриоттық әндер орын­­­дал­ған концерттік бағдар­ла­ма­ға ұласты.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Қаланың құрметті азаматы атанды · Egemen Qazaqstan