Қоғам
1 мин оқу 160

Коммуналдық тариф 10 есеге төмендеді – прокуратура

<p style="text-align: justify;">Табиғатты қорғау прокуратурасының шара қолдануымен&nbsp; Жетісу &nbsp;облысының&nbsp; Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласында коммуналдық қалдықтарды шығарудың&nbsp;тарифтері төмендетілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Коммуналдық тариф 10 есеге төмендеді – прокуратура

«Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады. Қызмет көрсететін компаниялар тарифты өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3  1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін өсірген.  

Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалды», делінген ақпаратта.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта облыстың  Алакөл, Кербұлақ аудандарында да  жүзеге асырылады.

Бөлісу: