Спорт
1 мин оқу 80

Аустрияда белдеседі

<p style="text-align: justify;">8-10 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді.</p>

Аустрияда белдеседі

Бұл жарыста Қазақстанның 14 балуаны күш сынасады. Солардың арасындағы ең танымалдары – Жансай Смағұлов (73 кг) пен Ислам Бозбаев (100 кг). Жастары 30-дан асқан сақа спортшылардың екеуі де әр жылдары құрлықтық деңгейдегі додалар мен аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алып, Олимпия ойындарына қатысқан. Аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбайдың айқасын тамашалаймыз. Сондай-ақ Линц татамиінде Ер­жан Еренғайыпов, Қанат Сейілхан (60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев пен Жанарыс Рахматқали (66 кг), Ислам Тоқтасын (73 кг), Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла (81 кг), Аян Байғазы және Айдар Арапов сынды қандастарымыз (100 кг) белдеседі.

Бөлісу:
Аустрияда белдеседі · Egemen Qazaqstan