Білім
1 мин оқу 170

Оқушының оңды ісі

<p style="text-align: justify;">Ілкідегі қазақы қағидаға ден қойсақ, &laquo;талаптыға нұр жауар&raquo; деген сөздің астарында кәтепті қара нарға жүк болатын мән бар екенін түйсінер едіңіз. Оқушының қолынан құрастырылған, әншейінде кәдеге аса қоймайтын шыны құтылардың қалдықтары да әжетке жарап қалады екен.</p>

Оқушының оңды ісі

Шортанды кентінің №3 жалпы білім беретін  орта мектебінің оқушысы Әйгерім Анесий жо­сығы бөлек ғылыми жобаны қол­ға алыпты. Елді елең еткізе тін-ақ дүние. Әншейінде қоқыста шашылып жататын шы­ны қалдықтары кәдеге жарай­ды деп кім ойлаған. Талапты жас­­­тың өзі ешқандай шығын шы­­ғар­­май, ауылдастарының дас­тар­­қанын несібемен толтырар ғы­лыми жобаны қолға алып отыр. Математика және инфор­ма­­тика пәндерінің мұғалімі Жар­­қынгүл Асауимен бірлесе отырып, жұ­мысқа қауырт кірі­сіп кеткен. Алдымен ауыл-аймақ­тан әрқи­лы дәрілерден боса­ған шыны құты­ларын жи­нап­ты. Кейін оларды бір-бірі­не әдемілеп жапсырған. Көкөс­кінге қажетті су жинайтын бөшкелерді орналастырыпты. Құбыр да тартылған. Шатырдың ашылып-жабылуы ыңғайлы болуын да ұмыт қалдырмаған. Айтпақшы суару жүйесі толық автоматтандырылған.

– Жылыжай жұмысын 2022-2023 оқу жылдары аралығында сы­нақ­тан өткізіп көрдік, – дейді жоба жетекшісі Жарқын Асауи, – қол­жетімді материалдарды қол­да­на отырып жасалған жылыжай­да тәп-тәуір өнім өндіруге болады екен.

Байқампаз оқушы Әйгерім Анесий осы зерттеу жұмысын республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауына ұсынып, жүлделі орынға ие болыпты. Қарша­дай қыздың талпынысы әбден құп­тар­лық. Өзге де замандастары жақ­сыдан үйреніп, алға ұмтылып жатса бір ғанибет емес пе?!

Ақмола облысы,

Шортанды ауданы

Бөлісу:
Оқушының оңды ісі · Egemen Qazaqstan