Қоғам
1 мин оқу 130

Астанадағы компьютерлік клубта өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордалық өрт сөндірушілер&nbsp;компьютерлік клубта болған өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астанадағы компьютерлік клубта өрт шықты

Ведомство мәліметінше өрт Нұра ауданы, 201 көшесі бойындағы компьютерлік клубта болған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін клуб ішіндегі адамдар өздері далаға шығып үлгерген.

«Сағат 04:24-те өрт оқшауланып, 06:15-те сөндірілді. Өрт алаңы 150 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Астанадағы компьютерлік клубта өрт шықты · Egemen Qazaqstan