Басылым
1 мин оқу 110

Тәлімі мол туынды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапханада техника ғылымдарының докторы, профессор Сейіт-Қасым Байбековтің &laquo;Гүн Ата&raquo; кітабының таныстырылымы өтті.</p>

Тәлімі мол туынды

Бұл жинақтың оқырманға беретін танымдық тәлімі мол. Автор шығарма бас кейіпкерінің ба­сынан өткен қилы тағдырды көркем бейнелеген. Туындыда Мұртаза тылсым табиғаттың күшімен қару-жарақсыз, құрал-саймансыз тас дәуірінде қарт Қаратауды мекендеген жабайы адамдармен бірге бір жарым жыл түрлі қызықты басынан өткізіп, елге аман-есен оралғаны туралы шынайы баяндалған.

«Бұл кітап – Мұртазаның ауызша айтқан әңгі­месінің қоспасыз көшірмесі. Сондықтан жинақ­тың негізгі авторы – Мұртаза. Көп оқырман оның айтқан оқи­ғаларына сенбеуі мүмкін. Себебі адам сенбес шын­дықты айтсаң, ол өтірікке айналады. Ал адам сенер өтірікті айтсаң, ол шындыққа айналады. Бірақ мұн­дағы жазылған дүниенің бәрі – ақиқат», деді автор.

Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп және тағы басқа да елімізге танымал азаматтар Сейіт-Қасым Байбековтің ғылым мен жазу өнерін қатар алып жүрген еңбекқорлығын жоғары бағалап, ізгі лебіздерін білдірді.

Бөлісу:
Тәлімі мол туынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар