Әлем
1 мин оқу 410

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

<p style="text-align: justify;">Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында болды. Зілзала ошағы 15 км тереңдікте жатыр, магнитудасы - 3,6. Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады.

Сейсмикалық орталық зілзала ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 96 шақырымды құрайтынын қоса хабарлады.

Бөлісу:
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды · Egemen Qazaqstan