Университет
2 мин оқу 260

Меморандумға қол қойды

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзара ынтымақ&shy;тастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатты қос жоғары оқу орнының ректорлары Ерлан Сыдықов пен Болат Тілеп бекітті.</p>

Меморандумға қол қойды

Меморандум шеңберінде тараптар педагог кадрларды бірлесіп даярлап, олардың біліктілігін арттырып, оқытуда тәжірибе алмасып, білім беру стандарттары мен оқыту әдістерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеп, білім алушылардың кәсіптік практикасын жүзеге асырып, бірлескен білім беру – ғылыми іс-шараларын іске асыру көзделген.

«Әлеуметтік-экономикалық да­­му мәселелері жөніндегі кеңей­тілген кеңесте Мемлекет басшы­сы: «Бүгінгі таңда дамудың басты кілті білім беру болып табылады, біз уақыт талабына барынша бейім шығармашылық ұр­пақты тәрбиелеуіміз керек», деп атап өткен болатын. Біз­дің жоғары оқу орындары арасын­дағы серіктестікті дамыту ХХІ ғасырдың тұлғалары үшін қажет­ті дағдыларға ие және білім бе­ру кеңістігінің трендтеріне сәй­кес келетін жоғары білікті пе­да­гогтерді даярлауды жетіл­ді­руге бағытталған», деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің ректоры Е.Сыдықов.

Ал Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универси­тетінің ректоры Б.Тілеп елімізде педагогтердің жетіс­пеушілігіне назар аударды.

«Мұның бір себебі – демогра­фиялық өсу, әсіресе, Астана мен Алматы сияқты негізгі орта­лықтарда. Астана қаласының әкімімен кездесуде 2024-2025 оқу жылына елордадағы орта білім беру мекемелері үшін 600-ден аса маманның қажеттілігі туралы айтылды. Сондықтан біз Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетімен және Астана қаласының білім басқар­масымен меморандумға қол қойып, тәжірибеден өтуге 180 сту­­дент жібердік», деді ол.

Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында Еуразия ұлттық университетінде жеке педагогика факультеті ашылады. Осы ретте аталған қос жоғары оқу орны  «Арнайы педагогика» бірлескен білім беру бағдарламасын әзір­леуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Меморандумға қол қойды · Egemen Qazaqstan