Аймақтар
1 мин оқу 102
Жетісу облысында өртеніп жатқан үйден екі бала құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға бүгін сағат 10:18-де болды. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 2 азаматты, үш тізелі баспалдақпен 2 баланы құтқарды. Бұдан соң олар жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды.
«Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған. Өрт сағат 10:57-де сөндірілді», делінген облыстың ТЖД хабарламасында.
Бөлісу:
