Оқиға
1 мин оқу 120

Өрттен күзетші зардап шекті

<p style="text-align: justify;">9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өрттен күзетші зардап шекті

Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы, сондай-ақ Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы дереу жөнелтілген.

Өрт сөндірушілер кәсіби  әрекеттерімен өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуына мүмкіндік бермеді, сондай-ақ 2 камазды, 2 тиегішті, 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды.

«Өрт сағат 03:24-те оқшауланды, сағат 03:54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін күзетші Астана қаласы №1 ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Өрттен күзетші зардап шекті · Egemen Qazaqstan