Сайлау
2 мин оқу 840

Сайлау барысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына барды.</p>

Сайлау барысымен танысты

Өңірлерге сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты. Комиссия мү­шелері 4 және 6 наурызда тұрақты кәсі­би негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын осы өңірлердің бар­лық дең­гейіндегі аумақтық сайлау комис­сияларының мүшелері үшін семинар-кеңестер өткізді.

Семинар-кеңестер барысын­да Константин Петров 2024 жылғы 31 нау­рызға тағайындалған мәсли­хат­тар­дың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өт­кізу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол сайлау және сайлауаралық кезеңдерде тұрақты кәсі­би негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметі, сайлау үдерісін тұтастай ұй­ым­дастыру, сайлаушылар тізімімен жүйелі жұмыс, сайлау үдерісінің бар­лық қатысушымен өзара іс-қимыл мәсе­лелерін белгіледі.

Сәбила Мұстафина сайлау үдерісіне қатысушыларға электораттық оқытуды ұйымдастыру мен қағидаттарын, сайлауды ұйымдастырушылардың ең­бегіне ақы төлеуді, ұйымдастыру мә­се­лелерін қаржыландыруды, бюд­жет­тің атқарылуы мен іске асырылуы­н қамтитын сайлауды мемлекеттік қар­жыландыру мәселелерін түсіндірді.

Іс-шаралар аясында ОСК апп­ара­­ты­ның бөлім меңгерушілері Әйге­рім Тәжиева, Гүлназ Кембаева АСК мү­шелерін сайлауды ұйымдасты­ру­шыларды оқыту нысандары және әдістерімен, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгітті мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырумен жан-жақты таныстырды, сондай-ақ қатысушылар үшін тестілеу өткізді.

Семинар-кеңестердің екінші бө­лімінде өңірлердің АСК мүшелері сайлау заңнамасына сәйкес сайлау тәжірибесі мен олардың практикалық шешім­­дері негізінде кейстік жағдай­ларды пысықтай отырып, дауыс беру күні бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды. Бұл ретте, ОСК мү­ше­лері негізгі сарапшылар болды.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Константин Петров пен Сәбила Мұс­тафина Шығыс Қазақстан облы­сының Ұлан ауданы мен Абай облы­сының Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссияларына барды. Ко­миссия мүшелері мәслихаттардың шы­ғып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі сайлау науқанының барысымен, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күніне дайындығымен танысты.

Бөлісу:
Сайлау барысымен танысты · Egemen Qazaqstan