«Оскар – 2024»: Әлемнің үздік актері белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Өткен түні Лос-Анджелесте 96-рет «Оскар» премиясының иегерлері анықталды. Кино әлеміндегі теңдессіз жүлденің басым көпшілігін Кристофер Нолан түсірген «Оппенгеймер» фильмі еншіледі. «Оскардың» жетеуі «Оппенгеймер» фильміне бұйырды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Одан кейін 4 бірдей номинацияны «Бедные-несчастные» фильмі иеленіп, үздіктер тізімін жалғады.
«Оскар» премиясының негізгі номинациясында үздік шыққандар:
Үздік фильм – «Оппенгеймер»;
«Үздік актриса» - Эмма Стоун; (Бедные-несчастные). Эмма Стоун осы аталымда екінші рет «Оскар» алды.

«Үздік актер» - Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»);
«Үздік ән» - What Was I Made For? («Барби»);
«Үздік саундтрек» – «Оппенгеймер»;
«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – Роберт Дауни («Оппенгеймер»);
«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»);
«Үздік шетелдік фильм» - «Зона интересов» (The Zone of Interest);
«Үздік бейімделген сценарий» - «Америкалық фантастика»; (American Fiction);
«Үздік түпнұсқа сценарий» - «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute);
«Үздік анимациялық фильм» - «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка);

«Үздік режиссер» - Кристофер Нолан («Оппенгеймер»);

«Үздік қысқа метражды фильм» - «Генри Шугардың таңғажайып оқиғасы».
