Бокс
1 мин оқу 170

Қазақтың тағы бір боксшысы Париж олимпиадасына аттанады

<p style="text-align: justify;">Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 92 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай АҚШ боксшысы Джамар Таллейді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшылар қатары тағы толықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақтың тағы бір боксшысы Париж олимпиадасына аттанады

Айта кетсек, бұл 23 жастағы Айбек Оралбай үшін мансабындағы алғашқы олимпиада.

Айбек Оралбай - Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатының финалісі, жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы.

Бұған дейін қазақ боксшыларының арасынан Карина Ибрагимова (-57 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Азия ойындары арқылы жолдама алған еді.

Италиядағы турнирден соң отандастарымыз Бангкокте өтетін жекпе-жекте лицензияны сарапқа салады. Турнир 23 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қазақтың тағы бір боксшысы Париж олимпиадасына аттанады · Egemen Qazaqstan