Білім
3 мин оқу 340

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады

<p style="text-align: justify;">Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. <a href="https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14978807#leave-npa-comment">Қаулы жобасында</a> шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады

Қаулыда 100 пайыздық грантпен оқымайтын студенттерге де шәкіртақы төлеу ұсынылып отыр.

Шәкіртақы көлемі 2024 жылдың қыркүйегінде: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
  • интерндер – 85 376 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

Шәкіртақы көлемі 2025 жылдың қыркүйегінде: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге;
  • интерндер – 94 863 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге;
  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.

Қаулы 2024 жылдың қыркүйек айында күшіне енеді.

Бөлісу: