Қоғам
1 мин оқу 190
Елдегі автожолдардың 10 учаскесін су басты
<p style="text-align: justify;">10 учаскенің біреуі республикалық маңызы бар автожол, ал қалған 9-ы облыстық маңызы бар жол (оның ішінде жергілікті маңызы бар 1 автожол). Аталған учаскелерде су шаюы тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Қазіргі уақытта жолдарда жағдай тұрақталған. Ешкім зардап шекпеген. Барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.
ҚР ТЖМ мәлімдемесінде: «Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. 89 мың текше метрден астам су тартылды, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді», делінген.
Бөлісу:
