Айбын
1 мин оқу 92

Әр жастың абыройлы борышы

<p style="text-align: justify;">Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі 97617 әскери бөлімде &laquo;Әскер болғым келеді&raquo; атты іс-шара ұйымдас&shy;ты&shy;рылды. Басқосудың мақсаты &ndash; жастардың бойында патрио&shy;тизмді қалыптастыра отырып, жоғары моральдық-психо&shy;логиялық қасиеттерге тәрбиелеу, жас ұрпақты әскери қызмет&shy;кердің жұмысымен және оның қыр-сырымен таныстыру.</p>

Әр жастың абыройлы борышы

Тағылымы мол іс-шараға аудандағы «Прогресс» поли­тех­­никалық колледжі мен Эко­но­микалық және құқықтық колледжінің 1-2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жас­тар өздерін қызықтырған қару-жарақтармен және қорға­ныш құралдарымен танысып, Ма­каров тапаншасынан бас­тап, Калашников автоматы мен пулеметін шашып, жинап көрді. Сондай-ақ «Qaisar» диалог алаңында пікір алмасып, Отан алдындағы азаматтық борыш­ты өтеудің жауапкершілігі мен қызықтары жайлы еркін, жан-жақты ой-толғамдарымен бөлісті. Әскери бөлімде түскі ас ішіп, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты.

«Ер азаматтың алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі – әскер қатарында абыройлы қызмет етіп, өмірдің ыстық-суығына шыны­ғып, өзін ширату. Бүгінгі күнде әскерден жалтаратын жастар жоқ емес. Осы кемшіліктің орнын толтыруда жастарды әске­ри өмірмен таныстырудың маңы­зы зор», дейді облыстық «Жас­тар рухы» жастар қанаты төраға­сының орынбасары Нұрбек Ергешбай.

Әскери бөлімге жасалған экскурсиядан айрықша әсер алған студент-жастар мұн­дай іс-шаралардың жиі ұйымдас­тырылып тұруына ұсыныстарын білдірді.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Әр жастың абыройлы борышы · Egemen Qazaqstan