Білім
1 мин оқу 220

«Жайлы мектептің» жайы

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында &laquo;Жайлы мектеп&raquo; ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл тапсырылатын 10 мектептің мердігері анықталып, тоғызының құрылысы жүріп жатыр.</p>

«Жайлы мектептің» жайы

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы кеш шығуына байланыс­ты 1 мектеп құрылысы жа­қын күндері басталмақ. Инфра­құрылым жеткізуге жер­гі­лік­ті бюджеттен 118,4 млн теңге бөлініп, жоба-сметалық құ­жаты әзірленді, 9-ына сараптама қорытындысы алынды, біреуі аяқталу сатысында тұр. Инженерлік желілер жүр­гізуге облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлініп, бү­гін­гі күні мердігер мекеме­лер анықталыпты.

Жуырда өткен мәжі­ліс­те облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл бағыт­та­ғы жұ­мыстар жоба үйлес­ті­ру­шісі «Самұрық-Қазына Констрак­шн» акционерлік қоғамы өкіл­дерімен бір­лескен жол картасына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына мердігер мекеме басшыларымен тығыз жұмыс жасау тапсырылып отыр. Былтыр басталған 10 мектеп биылғы 1 қыркүйекте пайдалануға берілуі керек. Оларға сыртқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу ал­дағы маусым айы­ның со­ңына дейін аяқталуға тиіс. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері осы жылдың 1 тамызына дейін мек­тептер аумағын жол-көлік желі­лерімен, жарықтандыру, абат­тандыру, жаяу жүргін­ші­лер жолдарымен және аялдамалармен қам­та­масыз етуі қажет.

«Самұрық-Қазына Кон­страк­шн» акционерлік қо­ғамы басшыларының об­лыс­қа сапары кезінде ұйым­дас­ты­рылған мәжілісте ұлт­­­тық жобаны өңірде асы­­рудың осындай өзекті мәсе­лелері жан-жақты тал­қы­лан­ды.

Жалпы, биыл облыста 6 900 орындық 10 мектеп, келер жылы 5 400 орындық 11 білім ошағы қолданысқа берілмек.

Қызылорда 

Бөлісу:
«Жайлы мектептің» жайы · Egemen Qazaqstan