Жемқорлық
1 мин оқу 411
Бұрынғы сот орындаушысы өз шотына 6 млн теңге аударып алған
<div class="description" style="text-align: justify;">Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.
«Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.
Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
