Оқиға
1 мин оқу 173
Алматыда 3 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды
<p style="text-align: justify;">13 наурыз күні үйден шығып, оралмаған Рамазан Қалдаров табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кәмелетке толмаған Рамазан «Нұркент» ықшам ауданындағы «Алматы Арена» спорт кешені маңынан табылды. Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты», делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұған дейін 15 жасар Рамазанды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған едік.
Бөлісу: