Фото: Алматы қалалық ПД
Алматы қалалық полиция департаменті 15 жастағы жасөспірімді іздеу жұмысын бастады.
Полицияға жасөспірімді кейінгі рет базар маңында көрдік деген хабар берілген.
«Жоғалған адамды іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювенал полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылған. Сондай-ақ жасөспірім болуы мүмкін орындарға тексеру жүргізіліп жатыр», делінген Алматы ПД хабарламасында.
Жасөспірім жоғалған күні үстінде қара куртка, қара шалбар, ақ-қара түс араласқан аяқ киім болған.
Полиция жасөспірімді көрген-білген жандарды 102 бірыңғай номеріне немесе 8 702 375 9291 номеріне хабарласуды сұрайды.