Теннис
1 мин оқу 80

Рейтингте көтерілді

<p style="text-align: justify;">Жаңартылған әлемдік рейтингте елі&shy;міз&shy;дің бірқатар теннисшісі өз жағдай&shy;ларын жақсартты.</p>

Рейтингте көтерілді

Әйелдер арасындағы еліміздің ең үздік ойыншысы Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Ол тек польшалық Ига Швентек, беларусьтік Арина Соболенко және америкалық Кори Гауффтан ғана қалып ке­леді. АҚШ-тың тағы бір мықты ойын­шысы Джес­сика Пегула WTA тізіміндегі үздік бес­тікті түйендеді. Индиан-Уэльстегі тур­нир­дің 1/8 финалында өнер көрсеткен Юлия Пу­тинцева 11 сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 66-орынды иеленіп тұр.

Ерлердің рейтингінде Александр Бубликтің қарқыны қуантады. Осыдан он шақты күн бұрын ғана ТОП-20 ойыншының қатарына енген ол бұл күндері 17-сатыға жайғасты. Бұл – Бубликтің жеке рекорды. Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко бір­неше сатыға төмендеп, 54-орынды қанағат тұтуда. АТР тізімінде Новак Джокович жеке-дара көш бастап тұр. Сербияның саңлағын испаниялық Карлос Алькарас, италиялық Янник Синнер, ресейлік Даниил Медведев және гер­маниялық Александр Зверев өкшелеп келеді.

Бөлісу:
Рейтингте көтерілді · Egemen Qazaqstan