Пікір
1 мин оқу 80

Жас ұрпаққа керекті бағдар

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші оты&shy;рысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін халық бірлігін нығайтудың маңыздылығынан бас&shy;тады.</p>

Жас ұрпаққа керекті бағдар

«Ең алдымен, халық­тың береке-бірлігін сақ­тау елдігіміз үшін аса ма­ңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді біле­сіз­дер. Ынтымағы жарас­қан, ортақ мақсатқа ұйыс­қан ұлт ешқашан ұтыл­май­ды, ештеңеден құр қал­­майды», деп атап өтті Президент. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы зия­лы қауымның, әсіресе аға буын өкілдерінің осы бір­лік­­­ті нығайтудағы ерекше рөліне тоқтала кетті. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақ­­та­ны­шы екендігіне ерек­­ше назар аудар­ды. Со­ны­мен қатар Мемлекет бас­­­­шысы елдің тұтастығы зия­лы қауымның бірлігінен басталатындығын, яғни, ең алдымен, ел ағаларының ара­­сында ауызбіршілік болуы керектігін көпшілікке жет­кізді.

Бір сөзбен айтқанда, зия­лы қауым өкілдері жас ұр­паққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі қажет. Жалпы, Ұлттық құрылтайдың мақ­саты – жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту. Бұл бізге бірлескен күш-жігер арқылы Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік береді.

 

Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ,

Сенат депутаты 

Бөлісу:
Жас ұрпаққа керекті бағдар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар