Спорт
1 мин оқу 114
Елена Рыбакина Masters турнирінің ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Кездесу барысында Елена АҚШ теннисшісі Мэдисон Кизді 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Ойынның ұзақтығы 1 сағат 24 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы − грекиялық Мария Саккари.
Мастерс турнирінің ширек финалына Юлия Путинцева да шықты. 2 сағат 21 минутқа созылған тартысты ойында Юлия украиналық Анжелика Калининаны 6:4, 7:6 (5) есебімен жеңді. Осылайша алғаш рет Мастерс турнирінің ширек финалында екі Қазақстан теннисшісі ойнайды.
Бөлісу:
