Қоғам
1 мин оқу 143

«Мен шешемін». Досаев пара алған әкім орынбасары туралы айтты

<p style="text-align: justify;">Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін үкім шығарылғаннан кейін әкімдік құрамы ауыса ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мен шешемін». Досаев пара алған әкім орынбасары туралы айтты

Ақпан айында Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 миллион теңге пара алғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осыған орай алматылық тұрғын Ерболат Досаевпен кездесуде «Жетісу ауданы әкімдігінің басшылығы ауыса ма?» деп сұрады.

«Әкім орынбасары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды, қалған мәселелер мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес шешілетін болады», деп жауап берді әкім.

Алматы тұрғыны қала әкімінен «бұл мәселелерді кім шешеді?» деп сұрағанда Досаев: «Мен шешемін», деп жауап берді.

Бөлісу:
«Мен шешемін». Досаев пара алған әкім орынбасары туралы айтты · Egemen Qazaqstan