Сенат
1 мин оқу 210

Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат Аппараты Басшысының орынбасарын тағайындады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Бұл лауазымға Адай Баймұқанов меритократия қағидаты бойынша тағайындалды. Ол бұған дейін Сенат Аппараты бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарған.

ҚР Парламенті Сенатының Аппаратында кадрлық шешім қабылдау барысында меритократия қағидаты сақталатынын айта кеткен жөн.

2023 жылдың қаңтар айынан бері бұл қызметті Ғани Нығыметов атқарған еді. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды.

Анықтама (ред.): Мерито­кратия дегеніміз – әлеу­меттік шығу тегіне және қаржылық ауқат­тылығына тәуелсіз, басқарушы лауа­зым­дарды ең қабілетті адам­дардың иеленуін ортаға қоятын басқару қағидасы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңында «меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілет­тері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету» деп көрсетілген. (автор - Серікбай Нұрғисаев)

Бөлісу:
Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар