Қоғам
1 мин оқу 150

Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті

<p style="text-align: justify;">Авариялық-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер, басқа да күштік құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар жұмылдырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 32 әскери қызметшісі подполковник Тимур Үмбетқалиевтің басшылығымен Сырым ауданындағы авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.

Қорғаныс министрлігі

Еріген су Қособа ауылын да басып қалды. 28 наурыздың кешінде басталған эвакуациялау жұмыстары түнгі екіге дейін жалғасқан. Қарулы күштердің 99250 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде эвакуациялау пункттеріне 250 адам жеткізілді.

Бөлісу:
Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті · Egemen Qazaqstan