Аймақтар
1 мин оқу 150
Мектеп шатырындағы қарды күреп жүріп құлаған ер адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

СҚО білім басқармасының мәліметінше, оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының Сокологоровка орта мектебінде болған.
Сағат 12:00 шамасындашаруашылық меңгерушісі мен жұмысшы мектеп шатырының қарын түсіруге мінген.
Шамалыдан кейін 62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.
Ер адамның кенеттен қайтыс болуына жүрек ауруы себеп болған.
Өлім туралы медициналық куәлікте ер адамның миокард инфарктін алғаны көрсетілген.
Бөлісу:
