Теннис
1 мин оқу 70

«Мастерс» мәреге жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның ең үздік тен&shy;нисшісі Елена Ры&shy;бакина АҚШ-тың Майами қа&shy;ласында өт&shy;кен жүл&shy;де қоры 8 995 555 дол&shy;&shy;ларды құраған &laquo;Мас&shy;терс&raquo; тур&shy;ни&shy;рінде былтырғы нә&shy;ти&shy;жесін қайта&shy;лады.</p>

«Мастерс» мәреге жетті

Алғашқы айналымда бос болған Елена Рыбакина (әлемнің №4 ракеткасы) екінші кезеңде даниялық Клара Таусонды (№91) тізе бүктірді – 3:6, 7:5, 6:4. Одан кейін америкалық Тэйлор Таундсеннен (№72) басым түсті – 6:3, 6:7, 6:4. Төртінші кезеңде Мэдисон Кизді (№18) қапы қалдырды – 6:3, 7:5. Ширек финалда ол грекиялық Мария Саккариге (№9) сан соқтырды – 7:5, 6:7, 6:4. Жартылай финалда отандасымыз кезінде әлемдік рейтингте көш бастаған Беларусьтің беткеұстары Вик­тория Азаренкомен (№32) шеберлік байқасты. Бірінші сет Рыбакинаның пайдасына шешілгенімен, екіншісінде біздің спортшы «баранка» ұстады. Десек те Еленаның жүйесі сын сағатта сыр бермеді. Бәсеке тай-брейкке дейін ұласқанымен, ол жеңісті қарсыласының уысынан жұлып алды – 6:4, 0:6, 7:6.

Финалда жерлесіміз америкалық Даниэль Коллинзбен күш сынасты. Рыбакинаның WTA тізімінде 53-орында тұрған 30 жастағы теннисшіні ұтатынына күмәнданғандар кемде-кем еді. Бірақ бұл бәсекеде Коллинз­дің бағы жанды. Есеп – 7:5, 6:3. Был­тыр да Елена Майамиде ақтық сынға дейін алқынбай жет­­кенімен, шешуі тұста чехиялық Петра Кви­товаға жол берген еді.

Өзге теннисшілеріміз жайында айтар болсақ, испаниялық Кристина Бучу (№74), ресейлік Людмила Самсонова (№15), бель­гиялық Грет Миннен (№79) және украиналық Ангелина Калининаны (№36) қапы қалдырған Юлия Пу­тинцева (№68) ширек финалда Вик­тория Азаренкодан айласын асыра алмады. Ал Александр Шевченко (№58) мен Александр Бублик (№18) екінші айналымда сүрінді.

Бөлісу:
«Мастерс» мәреге жетті · Egemen Qazaqstan