Әлем
1 мин оқу 273

Ресейде ірі машина жасау зауыты өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Ресейдегі ең ірі &laquo;Уралмашзавод&raquo; машина жасау кәсіпорнында өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресейде ірі машина жасау зауыты өртеніп жатыр

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, лак-бояу материалдарын сақтайтын қоймадан өрт шыққан. 

«Өрт аумағы қазірдің өзінде 800 шаршы метрге жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, лак-бояу қоймасы өртенді. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ», деп жазады 112 Telegram арнасы.

«Уралмашзавод» (бұрынғы Урал ауыр машина жасау зауыты, УЗТМ) — Екатеринбургтегі машина жасау кәсіпорны. 

Зауыт 1933 жылы пайдалануға берілген еді.

Бөлісу: