Таным
1 мин оқу 140

Ғасырдан ұзақ ғұмыр

<p style="text-align: justify;">Қытайда ең қарт қаламгер 110 жасында дүниеден озды. 1915 жылы өмірге келген Ма Шиту &ndash; ХХ ғасырдың ең айтулы оқиғаларын көз&shy;бен көрген адам. Артында 18 том кітап, 7 млн иероглиф қал&shy;дырған жазу&shy;шы соңғы шығармасын 107 жасында жазып бітірген.</p>

Ғасырдан ұзақ ғұмыр

Ма Шитудің азан шақырылып қойған аты – Ма Цяньму. Ол зия­лы отбасында тәрбиеленген. Бала кезінен көне жазбаларда бедерленген қытай әдеби мұ­расына ерекше қызыққан. Та­рих, ертегі, әпсаналар қия­лына қанат бітіріп, баланың бола­ша­ғына қатты әсер етті. Соның ар­қа­­сында Ма Цяньму мемлекеті қуат­ты, әскері әлеуетті қоғам құ­­­ру­ға құлшынған. Ол орта мек­теп­­ті бітіре сала саяси қозғалысқа бел­сене араласқан.

Ма Цяньмудің жастық шағы Қытайдың аумалы-төкпелі заманымен тұспа-тұс келді. Жапондардың соғысы, ағылшындардың ішкі сая­сатқа араласуы, Гоминьдан және ком­мунистік партияның билікке та­ласы секілді оқиғалар қаламгердің ұлт бір­лігі мен ынтымағын орнатсам деген арманына ұмтылдыра түсті.

Қаламгер жалпақ жұртқа Ма Шиту есімімен танылды. Оның мәні «кәрі жылқы жолдан адас­пайды» деген сөз екен. Ол бұл есімге пар­тияға өткеннен кейін ауысқан кө­рінеді. Ал оның бұрынғы Цяньму есімі «мәңгілік өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Байқасаңыз, екі бірдей есім бір-бірімен мазмұндас. Бейнебір жазушының ұзақ жасауы­на осы екі есімнің әсері бардай.

Ма Шиту бір сұхбатында ұзақ жасаудың құпиясын айтады. «Ға­сыр жасаудың сыры мына бес ұс­тынға жасырынған. Олар – жақ­сы тамақтану, уақтылы ұйықтау, ұзақ жаяу жүру, күнделікті жазу және барлық жағдайға асқан са­бырлықпен қарау», дейді ол. 

Бөлісу:
Ғасырдан ұзақ ғұмыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар