Парламент
1 мин оқу 115

Ынтымақтастық туралы заң

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті&shy;нің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, Еуразия&shy;лық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы мәселелерге қатысты заңды талқылады.</p>

Ынтымақтастық туралы заң

Құжат ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттер азаматтарының ғы­лыми дәрежесін еңбек көші-қон аясында сол аумақтар­да тануды көздейді. Сонымен ғылыми дәрежелер туралы құжаттар философия докторы (PhD), сала бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы, мұндай құжаттар­дың иелері ғылыми дәрежесі үшін мемлекетте белгіленген үстемеақы­ларды талап ететін жағдай­ды қоспағанда, ұлттық тану рәсімдері жүргізілмей танылады.

Келісімді ратификация­лау ЕАЭО кеңістігінде еңбек ре­сурс­тарының еркін қозғалы­сын қамта­масыз ету арқылы ең­бек нарығын нығайтуға, сон­дай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының кәсіби қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысын­да заңды палатаның қарауы­на жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Ынтымақтастық туралы заң · Egemen Qazaqstan